Ақтөбеде тұрақтандыру қорына екі мың тоннаға жуық көкөніс салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде тұрақтандыру қорына екі мың тоннаға жуық көкөніс салынады

Ақтөбеде тұрақтандыру қорына екі мың тоннаға жуық көкөніс салынады

Ақтөбеде қыс мезгіліне дайындық шаралырының бірі ретінде тұрақтандыру қорына 1815 тонна көкөніс салу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерхан Омаров мәлімдеді.

  • 7 Тамыз 2014
  • 401
Фото - Caravan.kz

«Жергілікті өндірушілермен шарт жасастық. Тұрақтандыру қорының тауары «Табыс» коммуналдық базарында және коммуналдық павильондарда сатылатын болады. Бұл тауар қыс мезгілінде бағаны реттеуге ықпал етеді», — деді әкім.

Өткен жылы тұрақтандыру қоры қалалық әкімдіктің басқаруына көшірілген.


«Ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде маусым шығынсыз аяқталды», — деді Е.Омаров.