Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

«Ақтөбе»-Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне бір қадам жетпей сүрінді. Үшінші ірітеу раунды аясында сырт алаңда Румынияның «Стяуа» командасына қарсы ойнаған Владимир Газзаев шәкірттері қос ойын нәтижесі бойынша турнирдан тыс қалды.

  • 8 Тамыз 2014
  • 214
Фото - Caravan.kz

«Ақтөбедегі» алғашқы ойынның нәтижесі «Стяуаға» тиімді болғаны сөзсіз. Сондықтан алғашқы минуттан алға ұмтылған қазақстандық команда небәрі  3-ші минатта қарымта шабуылға тосқауыл бола алмады.  Гол авторы Александру Кипчу.  Бірінші таймда алаң қожайындары шапшаң қимылдап, басымдық танытты. Ақтөбеліктердің  де таразы басын теңестіретін екі мүмкіндігі болды. Бірақ қақпашымен бірге Алексей Антонов тамаша мүмкіндікті пайдалана алған жоқ. 39-шы минутта румыниялықтар таблодағы есепті 2:0 ге жеткізді. Комбинациялық шабуылға нүкте қойған Николае Станчу. 57-ші минатта қонақтар 10 ойыншымен қалды. Қорғаушы Юрий Логвиненко алаңнан қуылған болатын. Қалған уақытта «Ақтөбе» тек бір доппен жауап қайтаруға шамасы жетті. Чемпиондар Лигасыннан тыс қалған «Ақтөбе» енді өз бағын Еуропа Лигасында сынап көрмек. Қазақстандық клубтың қарсыласы ертең белгілі болмақ.

 

Сондай-ақ бүгін Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында қарағандылық «Шахтер» мен «Астана» қарымта кездесулерін өткізеді.

Алғашқы матчта Швецияның «АИК» клубымен 1:1 есебімен тең түскен «Астана» сырт алаңда плей-оффқа берілер жолдаманы сарапқа салмақ. Астанада ойындағы басымдыққа қарамастан, жеңіске жете алмаған Станимир Стойлов тәлімгерлері қарымта матчта кеткен есені қайтаруға ниетті. Ал, Қарағандыда  хорватиялық клуб «Хайдукты» 4:2 есебімен ойсыратқан кеншілер бұл жұпта фаворит. Десе де, Виктор Кумыков арқаны кеңге салу ерте деп отыр. «Хайдук» пен «Шахтер» арасындағы матч Астана уақытымен түңгі сағат 23:00 де, ал  «Астана» мен «АИК» кездесуі 23:30 да басталады.    

 


Испанияның «Валенсия» клубы жаңа ойыншымен толықты. Енді бұл командада Германия құрамасының орталық қорғаушысы Шкордан Мустафи өнер көрсетпек.

22 жастағы футболшымен келісім шарт 2019-шы жылға дейін жоспарланған. Бұған дейін Италияның «Сампдория» клубында 50 матч өткізген ол бір рет гол соққан. Бразилиядағы Әлем чемпионатында Мустафи Германия құрамасы сапында үш кездесуде алаңға шыққан. Бірақ ширек финалда Алжир құрамасына қарсы бәсекеде жарақат алып, Мундиальді стадионнан тамашалауға мәжбүр болған. Бейресми ақпаратқа сәйкес Мустафидың трансфер құны 10 миллион еуроны құрапты.