Киев Майдан қалдықтарынан тазартылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киев Майдан қалдықтарынан тазартылып жатыр

Киев Майдан қалдықтарынан тазартылып жатыр

Бүгін қала тұрғындары ұзақ уақыт бойы соғыс орнына айналған алаңдағы қоршауларды бұзып, қоқыстарды өртеді. Десе де украиналықтар әлі де сепаратистерден төнер қауіптің басым екендігіне сенімді.

  • 8 Тамыз 2014
  • 211
Фото - Caravan.kz


Өйткені жайына жүрмей, тазалау шарасына қарсылық білдіргендер де болды. Олар наразылық ретінде көлік дөңгелектерін жаппай өртеді. Тіпті арасында әскерилермен доқ көрсетіп, тас атқандары да болды. Айта кетсек, ел билігі Украина астанасында бір жылдан астам уақыт тұрған шатырларды алып тастауға бұған дейін де сан мәрте оқталған еді. Бірақ оған қарсы тарап кедергі келтірді. Әзірге бүгінгі қақтығыстан қанша адамның зардап шеккені беймәлім. Сондай-ақ, бүгін НАТО өкілдері Украинадағы ахуалға қатысты кезекті мәлімдемесін жасады. Онда халықаралық ұйым ресми Мәскеуге кеңес берген. Яғни олар егер Ресей бүлікшілерге жасырын қару-жарақ жеткізуін доғарса, соғыс аяқталауы мүмкін деген ұстанымда.