Африкада қауіпті індеттен 1 мыңға жуық адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Африкада қауіпті індеттен 1 мыңға жуық адам көз жұмды

Африкада қауіпті індеттен 1 мыңға жуық адам көз жұмды

Африканың батысында қатерлі Эбола вирусы тарап жатыр.  Ал індет ошағы Либерияда 90 күнге төтенше жағдай жарияланды. Ресми ақпараттарға қарағанда, қанды безгектен қаза болғандар саны 940 адамға жетіп отыр. Ауруды тағы 2 мыңдай адам жұқтырған.  

  • 8 Тамыз 2014
  • 266
Фото - Caravan.kz


Қатерлі дерт Либериядан бөлек ыстық құрлықтағы Гвинея, Сьерра-Леон және Нигерия елдерінде де тіркелуде. Қазір бұл жерлерде жаппай инфекцияға қарсы бактериялық тазарту шаралары жүргізіліп жатыр. Вирус небәрі бір жыл ішінде белгілі болған. Cондықтан оған қарсы ем әзірге табылған жоқ. Оның үстіне қымбат зерттеуге онсыз да тұрмысы нашар елдердің қаражаты да жетпейді. Амалы таусылған Либерия президенті Элен Джонсон-Серлиф медицинасы дамыған ауқатты мемлекеттерден шұғыл көмек сұрап отыр. Эбола – қан және ауа арқылы лезде тарайтын жұқпалы ауру. Қатерлі дерттен Ресейде де екі адамның қайтыс болғаны айтылуда.