Ақтөбеде көпқабатты үйден шыққан өрттен 3 адам ауыр халде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде көпқабатты үйден шыққан өрттен 3 адам ауыр халде жатыр

Ақтөбеде көпқабатты үйден шыққан өрттен 3 адам ауыр халде жатыр

Ақтөбедегі көпқабатты үйде алапат өрт болды. Бесінші қабаттағы пәтердің түгі қалмай жанып кеткен. Бір адам оқиға орнында қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізіліпті. Араларында бір айлық бала да бар. Сәбидің денесінің 15 пайызын күйік шалған. 

  • 8 Тамыз 2014
  • 305
Фото - Caravan.kz

Мынау пәтердің өрттен кейінгі көрінісі. Бар пәле үйдің шатырынан шығыпты. Осында жөндеу жұмысын жүргізгендер газ баллонын пайдаланған. Неден екені белгісіз, аяқ асты ол жарылып кеткен. Қызыл жалын бірден пәтердің ішін түгел шарпып, кейін көршілеріне қарай жылыстапты.

Насиха Науытбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:



-«Ойбай шығындар, газ атылады» дегенді естіп далаға шықтық. Мен өзім бірінші қабатты тұрам. Балаларыммен далаға шықтым. Адамның өмірі деген қас-қамы секундт екен гой.Не болғанын білмей қалдық .