Жергілікті билік өкілдерінің сөзіне қарағанда, баж салығынан босатылған дүкен келер жылдың 13 тамызында ашылады. Алғашқы Duty Free-дің аумағы 2 мың шаршы метрді құрайды.
Шыңжаң тұрғындары жеке куәліктерін көрсету арқылы осы жерден тауар сатып ала алады. Олар күн сайын сапалы тауарларды 8 мың юаньға ($1300) сатып алу мүмкіндігі болады. Қытайлық басқарушы компанияның өкілдері атап өткендей, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы Duty Free дүкенінде сапасы жоғары еуропалық және әлемдік брендті тауарлар сатылады.
Баж салығы салынбаған сауда бүгінде Бейжің, Шанхай және Санья (ҚХР, Хайнань провинциясы) қалаларында жұмыс істеуде.