ҚР Парламент Сенаты депутатығына үміткер 79 адам өтініш берген - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Парламент Сенаты депутатығына үміткер 79 адам өтініш берген

ҚР Парламент Сенаты депутатығына үміткер 79 адам өтініш берген

Сенаттың  сайлауына 79 адам өтініш берді.  Үміткерлердің төртеуі Жоғары палатаның қазіргі депутаттары екен. Бүгін баспасөз мәслихатын өткізген Орталық сайлау комиссиясының өкілі солардың аты-жөндерін тізіп шықты.

  • 9 Тамыз 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz


Владимир Фоос, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

-Сәрсенбай Еңсегенов – Атыраудан, Сергей Плотников – Шығыс Қазақстаннан, Ерболат  Мұқаев – Батыс Қазақстаннан, Михаил Бортник – Маңғыстау облысынан сайланған.  Жалпы кандидаттардың ең жасы 37-де, ал ең үлкені 66-ға келген. Үміткерлердің барлығы Конституциямыздың  талаптарына сай тексеруден өтіп жатыр.

14 адамды мәслихаттар ұсынса,  тағы 65-і  өз еркімен өтініш берген.  Үміткерлердің арасында  небәрі төртеуі ғана әйелдер екен. Бірақ бұл  үміткерлердің нақты тізімі емес. Сайлауға ұсыныс беру  тамыздың соңына дейін, ал тіркеу қыркүйектің 11-не дейін жалғасады.  Сондықтан қатысушылардың  саны әлі талай өзгеруі мүмкін. Естеріңізге салсақ,  Сенаттың 2008 жылы сайланған депутаттарының  құзіреті  аяқталуына байланысты биыл 1 қазанда қайта сайлау өтпек. Ол үшін бюджеттен 136 миллион, яғни әр азаматқа 395 мың теңгеден бөлінді. Бұл қаржы үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жүргізуіне жұмсалады. Қазір Жоғары палатада  47 депутат бар, оның 15-ін Президент тағайындаса, қалғаны сайланады.