Астанада қарақшылар инкассатордың қолындағы 4 млн.теңгені тонамақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қарақшылар инкассатордың қолындағы 4 млн.теңгені тонамақ болған

Оқиға таң ата Елордадағы  үлкен  даңғылдың  бойындағы   қонақ үйдің қасында болған. «Шевроле» маркалы  көлікке  мінген  инкассатордың қолындағы сөмкеге белгісіз біреу бас салады. Күзетші қарақшыдан  қорғану үшін тіпті қару қолданыпты.  Жұрттың көзінше   травматикалық тапаншадан  ауаға бірнеше рет оқ атып, елдің есін шығарған.  Құдай сақтап, ешкім  жараланған жоқ. Ал тонамақ болған адам қашып үлгерген. Бірақ полицейлер жедел тергеу шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Енді оны ұстауға әрекет жасалып жатыр.

  • 9 Тамыз 2014
  • 294
Фото - Caravan.kz

Астананың қақ ортасында қарақшылар инкассаторға шабуыл жасады. Қаскөйлер төлем терминалы күзетшісінің қолындағы төрт миллион теңгені тонап кете жаздады.