Лаңкестер әйелдер мен балаларды тірідей көмген - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лаңкестер әйелдер мен балаларды тірідей көмген

Лаңкестер әйелдер мен балаларды тірідей көмген

Иракта лаңкестер 500-дей күрдті өлтірді. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігіне сілтемемен 24.kz хабарлап отыр.

  • 11 Тамыз 2014
  • 319
Фото - Caravan.kz


Содырлардың әйелдер мен балаларды тірідей көмгені жайлы айғақ табылған. Ирактың билік өкілдері құрбандардың көмілген жерін анықтады. Алайда осыншама адамның қай кезде қаза болғаны айтылмай отыр.

Айта кетейік, Иракта маусым айының басында Сирияда әрекет етіп келген лаңкестер «Ислам мемлекеті» ұйымын құрғаны белгілі. Содырлар елдің батыс және солтүстік аумағын басып алды, оларға жергілікті шағын топтар қосылған. Кейін лаңкестер күшейіп, өз бақылауларындағы аумақтарды «Ислам халифаты» деп жариялады.