қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 696 жол ережесін бұзу фактісі анықталған. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атап айтқанда, шара барысында көлікті жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің 152 фактісі, 81 – маневр ережесн бұзу, 12 – апаттық жағдай туғызу, 15 – техникалық тексеруден өтпеу, 10 – көлікті заңсыз қайта жабдықтау, 66 – уыттылық мөлшерін щамадан тыс асыру және т.б. анықталған.
Жолаушылар тасымалын жүргізетін кәсіпорын басшылары қатарынан 12 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылған.
«Автобус» шарасы 5 пен 8 тамыз аралығында өткізілді. Оның мақсаты жолаушылар көлігінде апаттылықтың алдын алу және жалпы жолдағы жағдайды реттеу болып табылады.