Израильде ұсталған Айдар Қасымовтың көлігінен 2 тапанша табылған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израильде ұсталған Айдар Қасымовтың көлігінен 2 тапанша табылған

Израильде ұсталған Айдар Қасымовтың көлігінен 2 тапанша табылған

Қарақшылық жасады деген күдікпен Израильде 35 жастағы қазақстандық қамауға алынды, деп хабарлады IzRus порталы.   

  • 11 Тамыз 2014
  • 366
Фото - Caravan.kz


Жергілікті полиция баспасөз қызметкері Михаил Зингерман хабарлағандай, Қазақстан азаматы Айдар Қасымовты Ход ха-Шарон округі тергеушілері тұтқындады. Оның көлігін тексерген полицейлер 2 тапанша, бетперде, пышақ, ұрланған асыл заттар мен көп мөлшердегі ақшаны тапқан. 

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, ол егде адамның отбасы мен жас қызды тонаған. Дерек бойынша, ол Ход ха-Шарон қаласында таңертең қыздың үйіне баса көктеп кіріп, оны байлап, қылқындырып сейфін тонап кеткен. Екіншісінде, 23 шілде күні Тель-Авивте қарияның үйіне түскен. Қазақстан азаматынан табылған заттарды жапа шеккендер таныған.