Дотацияларды Қазақстаннан алып, өнімді Ресейге сату адамгершілікке жатпайды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дотацияларды Қазақстаннан алып, өнімді Ресейге сату адамгершілікке жатпайды

Дотацияларды Қазақстаннан алып, өнімді Ресейге сату адамгершілікке жатпайды

Біз күніне 45 тоннаға жуық сүт өнімдерін өндіреміз және оны тек Қазақстан территориясында сатамыз.

  • 11 Тамыз 2014
  • 478
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Зенченко және компания» серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченко айтты.

«Біз өз өнімдерімізді тек Қазақстан аумағында сатамыз. Оған көңіліміз әбден толады. Астана күніне біздің өнімнің 20 тоннасын тұтынып отыр», — деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, шаруашылық өз өнімдерін шетелге, оның ішінде Ресей асыруға әзір асықпайды.

«Бізге ол не үшін керек? Бұл жай айтуға ғана оңай нәрсе ғой. Біріншіден, біз Қазақстанда «жасалған» кәсіпорынбыз және Үкімет бізді қолдап, түрлі бағдарламалар қабылдауда. Дотацияларды Қазақстаннан алып, өнімді Ресейге сату деген, менің ойымша, адамгершілікке жатпайды», — дейді ол.