Шымкентте 5-ші қабаттан құлаған бала аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 5-ші  қабаттан құлаған бала аман қалды

Шымкентте 5-ші қабаттан құлаған бала аман қалды

Шымкентте 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті. Абырой болғанда, бүлдіршін періштесі қағып, аман қалды.

  • 12 Тамыз 2014
  • 285
Фото - Caravan.kz


3 жасқа енді толған Диас терезенің  алдында ойнап отырып, абайсызда терезеден құлап кеткен.  Неге екені белгісіз, бұл кезде ата-анасы үйде болмапты. Періштелері қақса керек, 4 қабат құлдилаған бала бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына келіп түскен. Баланың жылағанын естіген  адамдар іле-шала құтқарушыларды шақырыпты. Диас аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның сонда әлі біраз күн жататынын айтуда.