Президент сайлауында жеңіске жеткен Ердоған құзыретін кеңейтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент сайлауында  жеңіске жеткен Ердоған құзыретін кеңейтпек

Президент сайлауында жеңіске жеткен Ердоған құзыретін кеңейтпек

Түркияда тұңғыш өткен тікелей президент сайлауында премьер-министр Режеп Тайып Ердоған жеңіске жетті. Бұл сайлаудың бірінші кезеңінде-ақ мәлім болды. 

  • 12 Тамыз 2014
  • 310
Фото - Caravan.kz

Ердоған 52 пайыз дауыс жинады. Ал оның бәсекелестері Эхмеледдин Ихсаноғлы 39 пайыз, Салахатдин Демирташ 9 пайыз дауысқа ие болған. Саяси шараға сайлау құқығы азаматтардың 76 пайызы, яғни 39 миллионға жуық адам қатысқан. Бұрын Түркияда президент тек салтанатты лауазым болатын. Енді жалпыхалықтық сайлаудан кейін оның өкілеттігі күшеймек. Ел басшысын ұлықтау рәсімі 28 тамызға белгіленді. Ал мыңдаған халық алдында сөз сөйлеген Ердоған бұл өзіне дауыс бергендердің ғана емес, бүкіл ұлттың жеңісі екенін айтты. Және де енді ел үшін жаңа дәуір басталатынын атап өтті.


Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

-Мен шын жүректен айтайын, ескі жанжалдарды артта қалдырып, жаңа Түркияны құруға барлығымыз атсалысайық. Бізге мәдени немесе саяси мәселелер кедергі келтірмесін. Біріксек, ойдағыны іске асырамыз.