Қазалыда ақша жеп масқарасы шыққан басшы бұрынғы қызметіне қайта жайғасты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазалыда ақша жеп масқарасы шыққан  басшы бұрынғы  қызметіне қайта жайғасты

Қазалыда ақша жеп масқарасы шыққан басшы бұрынғы қызметіне қайта жайғасты

Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданының психикалық-жүйке жүйелері аурулары интернатының қызметкерлері жанжал шығарды. Олардың айтуынша, осы мекеме басшысы Тимур Кемалов былтыр бірнеше миллион теңгенің жымқырғаны үшін ұсталыпты. Бірақ арада 8 ай өткенде қайтадан қызметіне оралған. «Ол енді тағы ескі әдетіне басып, бізді қудалап жатыр» дейді интернат қызметкерлері. Бүгін олар бұрынғы басшының қайта тағайындалғанына наразылық білдірді. Бірақ бұған Кемаловтың қарсы уәжі бар.

  • 12 Тамыз 2014
  • 485
Фото - Caravan.kz

 Бұл Қазалыдағы жүйке жүйелері ауруы интернаттың қызметкерлері. Айтуларынша, барлығы 6 жылдан бері басшыларынан қорлық көріп келеді. Ал былтыр директорға «ақша жымқырды» деген айып ұсталғанда көбісі одан біржолата құтылдық деп ойлаған екен. Бірақ арада 8 ай өткенде қайтадан оралып отыр. «Сөйтіп, ескі әдетіне қайта басты», — дейді мұдағы қапалы жұрт.

— Жұмыс істеуге біздің мүлдем мүмкіндігіміз жоқ. Ұжымдағы 75 адамның қолы тұр. Кемаловқа қарсымыз, ауызына келгенін айтады.

Жанат Аманбаева, интернат қызметкері:

— Осының ішінде мен 2007-ден бері істеймін санитарка болып. Осы Кемалов келгеннен бері қудалауға ұшыраған адамның бірі менмін. Қудалағаны соншалық, «сен байқұс қара халықсың» деген күндері болды. Өз еркіңмен кет, әйтпесе түбіңе жеткіземін деген күндері болды маған. Мен Қызылордаға дейін барып айтысқан адаммын.

Жұрттың айтуынша, директордың қоластындағыларды балағаттуы жаман әдеттерінің бірі ғана екен. Өйткені интернат қызметкерлеріне ғана емес, сондай-ақ оның қорлығы емделушілерге де әбден өткен көрінеді.

 Бүркіт Рақымов, науқас:


— Мен 2003жылдан осы интернаттың тұрғынымын. Кемалов бізге 2007 жылы келген. Алғашқы жылдары біздің жағдайымызға қарап жүрді. Сосын бұл кісі күрт бұзылды.  Бізді 20-25 адамды жерге жатқызып қойды. Ақыры аяғы жанжалға дейін барды.

Бірақ бұл айтқанның барлығын интернаттың басшысы жоққа шығаруда. Яғни өзінің айтуынша, ол домалақ арыздың құрбаны болған. Ал қаржылық қылмысқа қатысының жоқтығы сотта дәлелденіпті. Және «маған бүкіл ұжым қарсы шыққан жоқ», — дейді Кемалов. 

Тимур Кемалов, Қазалы ауданының психикалық-жүйке жүйелері аурулары интернатының директоры:

-Бұл жерде соттың шешімін орындауымыз керек қой? Орындауымыз керек! Ұжым болғанда, мына жерде 75 адамның 20 шақтысы ма, 100 пайыз болғанда барлығын қатыссын. Сонда көреміз!

Бірақашынған қызметкерлер Тимур Кемаловты бәрібір де орнында қалдырғысы жоқ.

Жалпы қазалыдағы жүйкесі сыр берген жандарға арналған бұл мекемеде 114 қызметкер еңбек етеді екен. Бірақ наразылардың айтуынша, солардың 80 пайызы қайта келген басшыдан қайыр күтпейді.