Британия халқы елдің премьер-министрінің отставкаға кетуін талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британия халқы елдің премьер-министрінің отставкаға кетуін талап етті

Британия халқы елдің премьер-министрінің отставкаға кетуін талап етті

Өткен сенбіде Ұлыбритания мемлекетінің астанасы Лондон қаласында Газа аймағындағы тыныштықтың орнауын талап еткен мыңдаған жанның бейбіт шеруі болып өтті, деп жазады muslim.kz.

  • 12 Тамыз 2014
  • 514
Фото - Caravan.kz

Аталмыш акцияға атсалысқандардың көптігі соншалық,  қолдарына Палестина мен Еуро Одақ туларын көтергендің қатары Би-би-си корпорациясының штаб-пәтерінен Гайдпаркке дейінгі аралықты толтырды.

Ел билігі қауіпсіздік шараларын мейлінше қатаңдатып, жағдайды бақылауда ұстауға мыңдаған тәртіп сақшылары жұмылдырылды. Тіпті, Лондон аспанын әскери ұшақтар қарауылдаған.

Шерушілер израилдіктердің палестинадағы әскери әрекетін дереу тоқтатуды және де басып алған жерлерін босатуды талап етті. Акция аясында Ұлыбританиядағы 100 000 еврейдің қолы қойылған петиция табысталды.

Сондай-ақ, бейбіт шерушілер Газа аймағында басқыншылық соғысына тоқтау қоймағандығы үшін елдің премьер-министрі Дэвид Кэмеронның отставкаға кетуіне талап қойды.