Қазақстан десантшылары "Бейбіт миссия-2014" халықаралық оқу-жаттығуларға қатысу үшін Қытайға аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан десантшылары "Бейбіт миссия-2014" халықаралық оқу-жаттығуларға қатысу үшін Қытайға аттанды

Қазақстан десантшылары "Бейбіт миссия-2014" халықаралық оқу-жаттығуларға қатысу үшін Қытайға аттанды

Аэроұтқыр жасағының десанттық-штурмдық батальонының әскери қызметшілері «Бейбіт миссия – 2014»

  • 12 Тамыз 2014
  • 428
Фото - Caravan.kz

    Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштерінің бірлескен әскери антитеррористік оқу-жаттығуларына қатысу үшін «Чжужихэ» полигонына аттанды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, өткен дүйсенбі күні Алматы облысының «Достық» станциясында темір жол платформасында қару-жарақ, әскери техника тиеліп, Аэроұтқыр жасағы бөлімшелерінің жеке құрамы отырғызылды.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқу-жаттығу бірнеше кезеңмен өткізу жоспарланған. Бөлімшенің жеке құрамы таулы жерлерде және елді мекен жағдайында заңсыз қарулы құрылымдарға қарсы күрестің тактикалық эпизодтарына қатысады.

«Қазақстан атынан «Бейбіт миссия-2014» оқу-жаттығуларына Аэроұтқыр жасағының десанттық-штурмдық батальонының әскери қызметішлері қатысады.


"Бейбіт миссия-2014" оқу-жаттығулары 24 мен 29 тамыз аралығында "Чжужихэ" полигонында өтеді.