ШҚО-да жоғалып кеткен 20 жасар қызға іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да жоғалып кеткен 20 жасар қызға іздеу жарияланды

ШҚО-да жоғалып кеткен 20 жасар қызға іздеу жарияланды

Жарты ай бұрын жоғалып кеткен шығысқазақстандық 20 жасар Айнұр Қайратоваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды облыстық ІІД.

  • 12 Тамыз 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

1994 жылы 17 сәуірде туылған Глубокое ауданы Глубокое кентінің тұрғыны Айнұр Қайратова 27 маусымда үйінен белгісіз бағытқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Қазіргі уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз.

Белгілері: бойы 170 см, толықша келген, ұзын қара шашты, көзінің түсі қара. Үстіне жасыл түсті шалбар, қызғылт түсті жеңсіз жейде, ақ түсті шәркей киген.

Полиция хабарламасында қызды көрген-білгендер бар болса, Глубокое аудандық ІІБ (ШҚО, Глубокое кенті, Попович көшесі, 44) немесе: 8 (72331) 2-18-80, 2-12-02, 2-16-43, 102 (кезекші бөлімі) телефондары бойынша хабарласуларын сұрайтыны айтылған.