Қазақстан Канадамен атом өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асыруға ынталы - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Канадамен атом өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асыруға ынталы

Қазақстан Канадамен атом өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асыруға ынталы

Қазақстан Канадамен атом өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асыруға ынталы.

  • 12 Тамыз 2014
  • 578
Фото - Caravan.kz

Бүгін Ақордада Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайлден сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.  

«Қазақстан үшін Канадамен арадағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытудың мәні зор. Бізді жаһандық және өңірлік қауіпсіздік, экономика, энергетика, сауда және инвестиция саласындағы өзара үндестік жақындастырады», — деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, Канада Қазақстанның Америка құрлығындағы, Ал Қазақстан — Канаданың ТМД елдері арсындағы маңызды сауда серіктесі.

«Біздің елде канадалық 170 компания, 40-қа жуық компанияның өкілдігі жұмыс істеуде. Олар тау-кен өндіру өнеркісібінде, ауыл шаруашылығында, құрылыс және білім саласында жұмыс істейді. Біз, әсіресе, атом өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асыруға ынталымыз», — деді Н.Назарбаев.