Қазақстанға қыркүйекте бірінші ресми сапармен Иран президенті Рухани келмек - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға қыркүйекте бірінші ресми сапармен Иран президенті Рухани келмек

Қазақстанға қыркүйекте бірінші ресми сапармен Иран президенті Рухани келмек

Жуық арада иран ядролық бағдарламасы бойынша барлық жақты да қанағаттандыратын келісімге қол жеткізіледі, деген сенімде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 12 Тамыз 2014
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Астанада сейсенбіде бірқатар елдердің елшілері оған сенім грамоталарын табыс еткен кезде айтты.

Н.Назарбаевтың айтуынша, келесі айда Қазақстанға бірінші ресми сапармен Иран президенті Хасан Рухани келмек, "бұл сапар екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек".

"Биыл іске қосылуы көзделген Қазақстан-Түркменстан-Иран теміржолы соның дәлелі. Бұл бағыт бүкіл аумақтың сауда-экономикалық ынтымақтастығына жаңа қарқын бермек", деді Қазақстан президенті.

Иран Ислам Республикасының елшісі Можтаба Дамирчилу өз кезегінде екіжақты байланыстардың қарқынды дамып отырғандығына тоқталды. Ол атап өткендей, бизнестің өкілдері әр түрлі салалардағы бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға атсалысуда.