Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары,халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлады республика басшысының баспасөз қызметінен.
Н.Назарбаев атап өткендей, Түркменстан Қазақстан үшін жақын әрі бауырлас мемлекет болып табылады.
"Біздің ара -қатынасымыз әрдайым да жақсы болды, қазір де оны дамытуға дайынбыз. Қазір маңызды жоба-Қазақстаннан Түркменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына қарай теміржол құрылысын аяқтау міндеті тұр. Ол біткен соң біздің саудалық қатынасымыз жаңа деңгейге көтеріледі", деді президент.
Р.Мередов елбасына Қазақстан-Түркменстан-Иран теміржолының салыну барысы және оны пайдалануға берудің алдын -ала мерзімі туралы айтты.