Эстония қазақстандық бизнеске балтық порттары мен төмен тарифтер ұсына алады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эстония қазақстандық бизнеске балтық порттары мен төмен тарифтер ұсына алады

Эстония қазақстандық бизнеске балтық порттары мен төмен тарифтер ұсына алады

Қазақстан мен Эстонияға бұдан былай да экономикалық ынтымақтастықты дамыту керек,

  • 12 Тамыз 2014
  • 548
Фото - Caravan.kz

деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Бұған керекті әлуетті экология, энергетика, жоғары технологиялар және көлік транзиті салаларынан табуға болады", деді ол Астанада сейсенбіде оған бірқатар мемлекеттердің елшілері сенім грамоталарын табыс еткен кезде.

Эстония елшісі Яан Рейнхольд атап өткендей, оның елі қазақстандық компанияларға Балтық теңізіндегі порттары мен қызмет көрсетудің төмен тарифтерін ұсынуға әзір.

"Эстония үшін Қазақстанның жаңа технологиялар, инновациялар, "жасыл" технологиялар саласындағы бастамалары маңызды. Бұл орайда алда өткізілуі көзделген ЭКСПО-2017 көрмесі ынтымақтастықты дамытуға жаңа қарқын қоспақ", деді Я.Рейнхольд.