Голливуд жұлдызы өзіне қол салды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Голливуд жұлдызы өзіне қол салды

Голливуд жұлдызы өзіне қол салды

Америкалық атақты актер әрі продюссер Робин Уильямс 64 жасқа қараған шағында өмірден озды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның өз-өзіне қол салғаны айтылуда. Яғни актер қылғынып өлді деген болжам бар.

  • 13 Тамыз 2014
  • 212
Фото - Caravan.kz


Оның өлі денесі Калифорния штатының Тиберон қаласындағы үйінен табылған. Жақындары актердің соңғы кездері ауыр күйзелісте болғанын айтуда. Кезінде ол маскүнемдік пен нашақорлықтан да емделген еді.  Миллиардтаған адамды күлкіге бөлеген актер 100-ге тарта фильмге түскен. Солардың ішінде ең танымалдары – «Ояну», «Өлген ақындар қоғамы», «Ақылды Уилл Хантинг», «Август Раш», «Емші Адамс» атты кинотуындылар. Кинематография саласындағы «Оскарды», «Алтын глобусты» және басқа да сыйлықтарды бірнеше рет иеленді. Робин Уильямс үш рет үйленген. Артында үш баласы қалды.