Америкалық жігітке тұрмысқа шыққан Әсия Күшенова баласынан айрылып өзі түрмеде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкалық жігітке тұрмысқа шыққан Әсия Күшенова баласынан айрылып өзі түрмеде жатыр

Америкалық жігітке тұрмысқа шыққан Әсия Күшенова баласынан айрылып өзі түрмеде жатыр

Павлодарда 47 жастағы әйел АҚШ-та қалған жиенін қайтара алмай жүр. Оның қызы Әсия америкалық жігітке тұрмысқа шыққан екен. Алайда, ондағы күйеуі аяғы ауыр қазақстандық қызды тепкінің астына алып, күнде қорлық көрсетіпті.

  • 13 Тамыз 2014
  • 313
Фото - Caravan.kz

Бұған шыдамаған  Әсия Күшенова, үйден қашып кетеді.Алайда, құжаттарын жоғалтып, ақыры үйсіздер орталығын паналайды. Сол жерде Тамерлан есімді сәбиін де дүниеге әкелген. Бірақ шақалақты күйеуі бірден алып кеткен. Ал еш құжатсыз жүрген отандасымыздың  өзі қазір түрмеде жатыр. Ол жақын күндері елге қайтарылады. Бірақ 5 айлық бала сол жақта қалмақ. Ал, оның әжесі немересінің де елге оралғанын қалайды.


Гүлсара Жүнісова, Әсияның анасы:

— Егер қызымды депортацияласа, емшектегі баласын да бірге қоя берсін. Себебі, баланы анаға тек, құдай ғана тарту етеді. Оны тартып алуға ешқандай заң рұқсат бермейді, тіпті АҚШ президентінің де ондай құқығы жоқ.