Алматыда алапат өрттен 8 отбасы баспанасыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда алапат өрттен 8 отбасы баспанасыз қалды

Алматыда алапат өрттен 8 отбасы баспанасыз қалды

Бүгін таңертең қаланың қақ ортасындағы екі қабатты ескі үйдің шатырында от тұтанған. Алдын-ала болжам бойынша, бұған ескірген электр желілерінің тұйықталуы себеп.

  • 15 Тамыз 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz

Қызыл жалын шамамен 400 шаршы метр аумақты шарпыды. Тұрғындар тез арада қауіпсіз аймаққа көшірілген. Сонымен қатар, үйден 6 газ баллоны шығарылған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Тұрғындар ауладағы көліктерді өздері көшеге итеріп шығарды. Өртті сөндіруге бір сағаттай уақыт кеткен. Баспанасынан айырылған жұрт үйде өрт шыққанын шенеуніктердің салғырттығынан көріп отыр.


Евгения Дорцвейлер, Алматы қаласының тұрғыны:

— Біз бұл үйді бірлесіп жөндегенбіз. Өз пәтеріміздегі электр желілерін ауыстырдық. Қабырғаларды ақтадық, баспалдақты сырладық. Бірақ түгелімен жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілмеген. Пәтер иелері кооперативі еш көмек көрсеткен жоқ. Енді бұл үйді қалпына келтіру мүмкін емес.