Астана соты биыл ақпанда Статистика агенттігінің бұрынғы басшысын 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді. Мешімбаева содан бері қайта-қайта апелляциялық шағым жазып, түбі ақталып шығатынынан үміт үзбей келеді. Ол сыбайластарымен бірлесіп 2009 жылы ұлттық санаққа бөлінген 800 миллион теңгеге жуық қазына қаржысын жымқырды деп айыпталған болатын. Экс-шенеунік бастапқыда он ай Астанада уақытша тергеу қапасында отырып, осыдан екі ай бұрын ғана Алматы облысындағы әйелдерге арналған «Жауғашты» түрмесіне ауыстырылды. Қорғаушысының айтуынша, қазір Мешімбаеваның көңіл-күйі жақсы. «Басына түскен қиындықты жеңіп шығуға оның күш-жігері жетеді», — дейді адвокат.