Қытайда есірткімен ұсталған қазақ қызы өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда есірткімен ұсталған қазақ қызы өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін

Қытайда есірткімен ұсталған қазақ қызы өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін

Қытайда қамауға алынған қазақ қызына қатысты сот процесінің басталуына аз қалды. Небәрі 20 жастағы Ақжарқын Тұрлыбай осыдан тура 6 ай бұрын Гуанчжоу қаласында сөмке толы есірткімен ұсталған болатын. Егерде бойжеткеннің заңсыз есірткі тасымалымен айналысқаны дәлелденсе, ол өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін.            

  • 15 Тамыз 2014
  • 402
Фото - Caravan.kz

Заңы қатал Қытай Қазақстан тарапының қызбен тілдесуіне жақында ғана рұқсат беріпті. Ал Ақжарқынның ата-анасы қыздарын көрмек түгілі, әлі даусын да естімеген. Олардың айтуынша, Қытайдағылар қыздың бұрын-соңды істі болмағаны туралы анықтама сұратқан. Алайда біздегі мемлекеттік мекемелер аса қат құжатты жіберуге әлі асықпай жүр екен. 20-ға жаңа толған Ақжарқын жарты жыл бұрын Қытайдан Малайзияға тауар әкетіп бара жатқан жерінен ұсталған болатын. Тексеру кезінде сөмкесінен есірткі табылған. Қыздың туыстары оны таныстары алдап кеткен дейді. Ақжарқынның әлеуметтік желілердегі достары да оны «кінәсіз» деп әлек. Иесіз қалған парақша қазірде «сені сағындық», «арамызға тезірек орал» деген сынды әсерлі сөздерге толып қалған.   



Нұржан Айтмаханов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:
— ҚР СІМ бұл мәселені бақылауда ұстап отыр. Оған орысша сөйлейтін адвокат тауып берілді елшіліктің көмегімен. Жақында біздің елшіліктің қызметкерлері Ақжарқынмен кездесті. Сол Гуанчжоу провинциясының ресми өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында ол өзінің сол қамаудағы жағдайы мен жалпы өзінің денсаулығына қатысты ешқандай да шағым айтқан жоқ.