Көкшетауда өлі туылған сәбиін 5-ші қабаттан лақтырып жіберген бойжеткен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда өлі туылған сәбиін 5-ші қабаттан лақтырып жіберген  бойжеткен ұсталды

Көкшетауда өлі туылған сәбиін 5-ші қабаттан лақтырып жіберген бойжеткен ұсталды

Көкшетауда көпқабатты үйдің жанынан кеше табылған шақалақты кім лақтырғаны бүгін анықталды. Бұл солтүстікқазақстандық 27 жастағы бойжеткен болып шықты. Ол өлі айы күні толмаған баланы пакетке салып, 5-ші қабаттан төмен тастап жіберген.

  • 15 Тамыз 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz

Бұл жағдай көрген жұрттың төбе шашын тік тұрғызған. Шақалақты лақтырып жіберген адамды анықтауға көп уақыт кеткен жоқ. Төменгі қабаттағы терезеде қандағы  қалғандықтан, тәртіп сақшылары сол пәтердің үстіңгі қабатындағы үйлерді тексерген. Пакетке оралып далада жатқан 13-14 апталық шақалақ екен. Оны лақтырған сол үйдің 5-ші қабатындағы пәтерге келген бойжеткен болып шықты. Қазір оның бойына біткен бала жасанды түсік арқылы алынды ма, әлде шақалақ мезгілінен бұрын өлі туды ма, сараптама  соны анықтап жатыр.


Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Күдікті деген бойжеткен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Көкшетауда даяшы болып жұмыс істейді екен. Оны гинеколог-дәрігер тексеріп, екіқабат болғанын, түсік тастағанын анықтады. Егер жасанды түсік жасаса,заң алдында жауап беруі тиіс.