Қазақтар да италиялықтар сияқты қонақжай халық - канадалық сарапшы Д.Симеони - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтар да италиялықтар сияқты қонақжай халық - канадалық сарапшы Д.Симеони

Қазақтар да италиялықтар сияқты қонақжай халық - канадалық сарапшы Д.Симеони

Ақтөбеге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Аға сеньорлар» жобасы бойынша Canadian Executive Service Organization компаниясының сарапшысы, доктор Джино Симеони келді.

  • 15 Тамыз 2014
  • 751
Фото - Caravan.kz

   Екі аптаның ішінде ол ұйымдастыру құрылымы, менеджмент, «Империя шин» ақтөбелік компаниясының кадр мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, кеңес беру қызметін көрсетеді.

— Ақтөбе маған ұнады. Мұнда желді және құмды, бірақ адамдары тамаша. Қазақтар да итальяндықтар сияқты қонақжай халық. Сонымен бірге, менің бір байқағаным, қазақ және итальян отбасыларының арасында ұқсастықтар көп. Біз үшін де отбасы мен отбасылық қарым-қатынас өте маңызды, — деп атап өтті Д.Симеони. «Империя шин» ЖШС коммерциялық директоры Берік Қалмұратовтың  сөзіне қарағанда, шетелдік сарапшының кеңесі кәсіпорын жұмысына жақсы көмектесіп жатыр екен.

— Бірнеше күн ішінде біз компанияның құрылымын қайта қарадық, біздің ұйымда студенттердің тәжірибеден өтуі туралы келісім жасалуға болатын колледжді таптық.


«Империя шин» ЖШС-ның  шина саудасы бойынша  Ақтөбе нарығындағы орны зор. Соңғы уақытта басшылықпен сервистік қызмет көрсету бойынша жұмысты жақсарту мақсаты қойылды.

Кәсіпорын жақын арада мемлекеттік қаржылық көмекті пайдаланып,  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жаңа сервистік орталықтарды ашуға субсидия алуды жоспарлап отыр.