Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық тағайындаулар орын алды. ҚазАқпарат осы тағайындауларға апта сайынғы дәстүрлі шолуын жасайды.

  • 18 Тамыз 2014
  • 527
Фото - Caravan.kz

Сонымен таяуда ғана таратылған қаржы полициясының басшысы болған Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков 1955 жылы 28 қаңтарда Шымкент қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университеті бітірді. Қарағанды қаласы Совет аудандық халық сотында үш айлық сынақтан өткен соң 1981 жылы қараша айында халық судьясы болып тағайындалды. 1984 жылдан 1993 жылға дейін Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасының қызметін атқарды. 1993 жылдан 1999 жылға дейін Қарағанды облысы сотының төрағасы болды. 1999 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды. 2000 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды. 2000 жылдың 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды. 2005 жылдың 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып екінші рет конституциялық мерзімге тағайындалды. 2009 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап  ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы  болды.

Ал бұған дейін Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болған Бектас Бекназаров  Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Бектас Әбдіханұлы Бекназаров Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жамбыл қаласындағы Орталық ауданының халықтық сотында сот орындаушысы, Жамбыл облысы әділет бөлімінің консультанты, аға консультант, Жамбыл облысы Жуалы аудандық халықтық сотының судьясы, Жамбыл облыстық сотының мүшесі, облыстық сот төрағасының орынбасары,  Жамбыл облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, Жезқазған облыстық сотының төрағасы, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, ҚР Әділет министрлігінің Соттардың қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, Атырау облыстық сотының төрағасы, Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.  2011 жылғы сәуірден ҚР Жоғарғы сотының төрағасы қызметінде болған.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековке ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді. Ол 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ КСР Мемкино және Мемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған. 1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды. Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары, Астана қаласының әкімі, ҚР Индустрия және сауда министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары — ҚР Президентінің кеңесшісі, РФ-дағы ҚР-ының Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. Еліміздің Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалғанға дейін ҚР Қорғаныс министрі болды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Байболұлы Бисенқұлов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Берік Бисенқұлов 1963 жылдың 1 қазанында дүниеге келген.  Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін,  ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы, Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол 1967 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетін, ЭНИ-Аджип мұнай өнеркәсібінің оқу орталығын бітірген.  2001 — 2002 жылдары — «Қазақойл» ННК ЖАҚ «АМӨЗ» ААҚ қайта құру жобасын басқару жөніндегі топтың басшысы, бас менеджер. 2002 — 2004 жылдары — «ҚазМұнайгаз» ҰК ЖАҚ инжинирингілік және сервистік жобалар департаментінің директоры. 2004 — 2007 жылдары — «ТеңізСервис» ЖШС-ның вице бас директоры. 2007 — 2010 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басқарушы директоры. 2010 — 2011 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның Басқарма бастығы орынбасарының көмекшісі. 2011 жылғы қаңтардан бастап мамыр аралығында — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның басқарушы директоры. 2011 жылғы мамырда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрінің лауазымына тағайындалған болатын.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен бірқатар министрліктердің жауапты хатшылары тағайындалды.Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Өкімдерімен Данияр Валерьевич Вагапов  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне, Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне, Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне, Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне, Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

ҚР Үкіметінің қаулыларымен бірқатар министрліктердің вице-министрлері тағайындалды. Атап айтқанда, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып Марат Құсайынов, вице-министрлері қызметіне Мәдина Әбілқасымова, Тимур Жақсылықов, Қайырбек Өскенбаев, Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі қызметіне Жеңіс Қасымбек, вице-министрлері болып Асқар Жұмағалиев, Альберт Рау және Ерлан Сағадиев, Энергетика бірінші вице-министрі қызметіне Ұзақбай Қарабалин, вице-министрлері болып Талғат Ахсамбиев, Бақытжан Жақсалиев, Мағзом Мырзағалиев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметіне Салидат Қайырбекова, вице-министрлері болып Светлана Жақыпова, Дәулет Арғындықов, Серікбол Мусинов, Мәдениет және спорт вице-министрлері қызметіне Марат Әзілханов, Асқар Бөрібаев және Тастанбек Есентаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне Ерлан Нысанбаев тағайындалды.


 Алматы облысы әкімінің өкімімен Жолан Омаров облыстың жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ж.Омаров 1979 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы «Кирзавод-1» ЖШС атқарушы директоры болып бастаған. Әр жылдары «Алматы -Жер» (ЕМК ҒӨО) Алматы филиалында маман болған. Соңғы жұмыс орны — Алматы облысы бойынша туризм басқармасы бөлімінің меңгерушісі.

Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің шешімімен  экономика және қаржы басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы болып Ольга Митрофановна Чернявская тағайындалды. О.Чернявская 1958 жылы туған. Қарағанды политехникалық институтын, Қарағанды «Болашақ»  актуальды білім беру институтын аяқтады. 30 жылдан астам мемлекеттік қызметте жұмыс істеді.  2001 жылдан басшылық қызметтерде.  2012 жылдың қыркүйегінен осы уақытқа дейін Қарағанды облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болған.  

Ақмола облысының әкімінің өкімімен Төлеген Жұмабекұлы Ташмағамбетов  Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалды. Т.Ташмағамбетов 1967 жылы Қостанай облысы Наурызым ауданы Докучаев ауылында туған. Қостанай ауылшаруашылық институтын Қостанай бизнес және басқару институтын бітірген. 1995 жылдан 2000 жылға дейін Салық комитеті органында әр түрлі  басшылық лауазымында қызметін атқарған, 2000 жылдан 2006 жылға дейін Қостанай облысы Наурызым ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы болған. 2006 жылдан 2010 жылғы қазан  айына дейін Қостанай облысы Наурызым ауданының  әкімі болып, 2010 жылдың 16 қазанында  Ұзынкөл ауданының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.

Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар ауданының әкімі ауысты. Бұл қызметке Болат Жұмабеков тағайындалды. Болат Серікұлы 1972 жылы Көкшетау облысы Куйбышев ауданы Куйбышев кентінде дүниеге келген. Бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған. Осыған дейін  «JELS — ASTANA» ЖШС коммерциялық директоры болды.

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясының төрағасы қызметіне Манарбек Сапарғалиев тағайындалды. М.Сапарғалиев 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Огневка селосында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, Орталық Азия университетін бітірген.  Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шығыс Қазақстан облысы Қаржы басқармасын басқарған.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болып Рүстем Қасымбеков тағайындалды. Р.Қасымбеков 1974 жылы дүниеге келген. Алматы индустриалды колледжін, Қазақ мемлекеттік заң университетін, Ресей кеден академиясының аспирантурасын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. 2008 және 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы ҚР СІМ Елшілігінің кеңесшісі — Ресей Федерациясының кедендік қызмет жанындағы Қазақстан Республикасы кедендік қызмет өкілдігінің басшысы, аралығында Қазақстан Республикасының Беларус Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі — Беларусь Республикасының кедендік қызмет жанындағы Қазақстан Республикасы кедендік қызмет өкілдігінің өкілі, ЕурАзЭҚ Кеден одағының комиссиясы хатшылығының Кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2013 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы» АҚ Басқарушы директоры — Басқарма мүшесі, одан кейін «Астана — Береке басқарушы компаниясы» ЖШС директоры қызметінде болған.