ХАМАС палестиндіктердің талаптарын орындамаса Израильге қарсы соғыс ашатынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХАМАС палестиндіктердің талаптарын орындамаса Израильге қарсы соғыс ашатынын мәлімдеді

ХАМАС палестиндіктердің талаптарын орындамаса Израильге қарсы соғыс ашатынын мәлімдеді

ХАМАС ұйымы егер Израиль билігі палестиндіктердің Каирде жарияланған барлық талаптарын орындасмаса, ұзаққа созылатын соғыс ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Росбалт.

  • 18 Тамыз 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

«Израиль Палестина халқының талаптарын орындауға тиіс немесе соғысқа дайындалсын!» — деп жазады ұйым өкілі Усама Хамда өзінің  Facebook парақшасында.

Бұдан бұрын ХАМАС басшыларының бірі Исмаил Хания екі шарт қойған болатын: Израиль Газа секторындағы экономикалық шектеулерін алуы тиіс және палестиндіктердің жүріп-тұруына жол ашуы тиіс.

Айта кетейік, 11 тамызда Мысырда Палестина мен Израиль делегациялары бір үстел басына отырып, Газа секторындағы атысты тоқтату келіссөздерін бастаған болатын. 13 тамызда ХАМАС пен Израиль кезекті бітімгерлікке қол жеткізді. Бұл келісім 18 тамызда, яғни ертең бітеді.