Израиль қорғаныс армиясының операциясынан екі мыңнан астам палестиндік құрбан болды - Газа - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израиль қорғаныс армиясының операциясынан екі мыңнан астам палестиндік құрбан болды - Газа

Израиль қорғаныс армиясының операциясынан екі мыңнан астам палестиндік құрбан болды - Газа

Израиль қорғаныс армиясының ХАМАС палестиндік қозғалысының әскери қанатының содырларына қарсы операциясы салдарынан Газа секторында екі мыңнан астам палестиндік қайтыс болды.

  • 18 Тамыз 2014
  • 331
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жексенбі күні палестиндік анклав денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ашраф әл-Кедра мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы бес аптада Израиль қарулы күштердің бомбалауы салдарынан 2 мың 16 палестин азаматы құрбан болған. Олардың арасында 541 бала, 250 әйел, 95 қария бар. Он мыңнан астам азамат жарақат алған.

Израиль қорғаныс армиясы 8 шілде күні ХАМАС содырларына қарсы операция бастаған болатын.