Алматыда ресейлік Альфа-банктің қазақстандық еншілесінің қауіпсіздік қызметі алаяқтар тобын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ресейлік Альфа-банктің қазақстандық еншілесінің қауіпсіздік қызметі алаяқтар тобын анықтады

Алматыда ресейлік Альфа-банктің қазақстандық еншілесінің қауіпсіздік қызметі алаяқтар тобын анықтады

Алматыда ресейлік Альфа-банктің қазақстандық еншілесінің қауіпсіздік қызметі алаяқтар тобын анықтады. Бұл туралы банк баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 18 Тамыз 2014
  • 505
Фото - Caravan.kz

Күдіктілер бірнеше ай бойы тұрмыстық техника сататын сауда желілерінің бірінде жалған құжаттармен басқа адамдардың атына тұтыну несиелерін рәсімдеген. Жалпы зиян мөлшері 1,2 млн теңгені құрайды, делінген Альфа-Банктің бүгінгі хабарламасында.

Банкке бір әйел жүгініп ешқашан рәсімдемеген тұтыну несиесін төле деп банктегілер бірнеше рет қоңырау шалғанына шағым түсірген, осыдан кейін алаяқтық фактісі анықталған.

Алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тексеру барысында Алматы ішкі істер департаменті жедел тергеу тобы Альфа-банк қауіпсіздік басқарма қызметкерлерімен бірлесіп Алматы облысының төрт тұрғынын қолға түсірген. Олар жалған құжат жасап, басқа біреулердің атына тұтыну несиелерін рәсімдеумен айналысқан. Бұл адамдардың екінші деңгейдегі өзге банктерде 780 мың теңгені алаяқтық жолмен алғаны анықталған.

Қазір топ мүшелері ұсталды, іс соттық талқылау сатысында.