ERG электролизді зауыты болгарлық Alcomet компаниясына жылына 40 мың тонна алюминий жеткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ERG электролизді зауыты болгарлық Alcomet компаниясына жылына 40 мың тонна алюминий жеткізеді

ERG электролизді зауыты болгарлық Alcomet компаниясына жылына 40 мың тонна алюминий жеткізеді

Павлодар облысында «Қазақстан электролизді зауыты» АҚ (ҚЭЗ, Eurasian Resources Group құрамына кіреді) Болгарияның Alcomet компаниясына жылына 40 мың тонна алюминий жеткізіп бермек.

  • 18 Тамыз 2014
  • 580
Фото - Caravan.kz

   Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сонымен қатар, Павлодар облысы әкімдігі, «Қазақстан электролизді зауыты» АҚ және Alcomet компаниясы арасында Павлодар аумағында 3-4 техникалық қайта өңделген алюминиден бұйымдар жасау жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум 2014 жылдың соңына дейін жобаны жүзеге асырудың басталуын, 2016 жылдың соңына дейін инвестициялық жобаны пйдалануға беруді көздейді.


Alcomet алюминий прокатын жүзеге асырады, сондай-ақ алюминиден құйма және тығыздалған бұйымдар жасайды. Өндірістік қуаттылық жылына 60 мың тонна.