Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жабын ретінде Қазақстан туын пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жабын ретінде Қазақстан туын пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жабын ретінде Қазақстан туын пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды

Алматы ішкі істер департаменті жабын ретінде Қазақстанның мемлекеттік туын пайдаланған жүк көлігінің жүргізушісін әкімшілік жауапқа тартты.

  • 18 Тамыз 2014
  • 454
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық ішкі істер депараментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

26 жастағы жүргізуші жүк көлігімен құрылыс нысанынан тиеген қоқысты тумен бүркемелегенін айтқан. Туды ол соның алдында тауып алған.

Медеу аудандық ішкі істер басқармасы Әкімшілік заң бұзушылық туралы кодекстің 354-1 бабы бойынша (мемлекеттік туды пайдалану тәртібін бұзу) әкімшілік іс қозғады. Көлемі 1х2 метрлік ту тәркілеп алынды.

Өткен аптада интернетте мемлекеттік тумен кузовын жапқан жүк көлігінің суреті пайда болған болатын.