Қарағанды облысында жаңа тағайындау болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жаңа тағайындау болды

Қарағанды облысында жаңа тағайындау болды

Қарағанда облысы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің өкімімен Қарағанды облысы құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметіне Темірғали Нұғманұлы Дүйсенбаев тағайындалды.

  • 18 Тамыз 2014
  • 358
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Т.Дүйсенбаев 1953 жылы туған. 1976 жылы Қарағанды политехникалық институтын тәмамдаған, біліктілігі бойынша инженер-құрылысшы. 20 жылдан астам «Карағандыөнеркәсіпқұрылыс» және «Қазметаллургқұрылыс» трестерінде басшылық қызметтерде болған.

1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әкім аппаратында бөлім меңгерушісі, құрылыс, сәулет және абаттандыру басқармасы басшысы, ТКШ бөлімі басшысының орынбасары, сондай-ақ қалалық құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалмас бұрын, 2012 жылдан бастап Қарағанды облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.