«Жұқпалы ауру Пятимар ауылында таралған. Клиникалық зерттеулер нәтижесінде ұсақ жандықтың шешек ауруына шалдыққаны белгілі болды. Аудан әкімінің шешімі бойынша, Жанғала ауылдық округінде карантин жарияланды», — деп дүйсенбі күні облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы хабарлады.
Бүгінгі күнге дейін екі бас қой қырылып, тағы бес ұсақ жандық індетке шалдыққан.
Жануарлар арасында таралатын қой шешегі адамдар үшін қауіпсіз, делінген хабарламада.