«Әңгіме барысында Украинадағы, әсіресе, бейбіт тұрғындар арасындағы қантөгісті тоқтату мен Украина дағдарысы жөніндегі келіссөздерді бастаудың маңыздылығы атап өтілді», — деп хабарлайды Қазақстан басшысының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, қос мемлекет басшылары қазақ-фин ынтымақтастығына қатысты маңызды мәселелер мен өзара байланысты дамыту келешегін ортаға салды.