«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 100-ден астам елді тарту көзделуде - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 100-ден астам елді тарту көзделуде

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 100-ден астам елді тарту көзделуде

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне 100-ден астам елді тарту көзделуде. Бұл туралы бүгін Алматыда «Болашақ қуаты: қуатты тиімді пайдалану» атты халықаралық семинар барысында «Астана ЭКСПО-2017 ҰҚ» АҚ халықаралық қатынастар департаментінің директоры Нұрбек Ергешбаев мәлім етті.

  • 18 Тамыз 2014
  • 505
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 60 астам ел бұл көрмеге қатысуға ниет білдіріп отыр. Олар өз көрмелерін ұйымдастырмақ.

«Бұл көрме 3 айға жуық уақытқа созылады. Экспо-қалашық Астана қаласы маңындағы бос жер теліміне орналасады. Жалпы аумағы 174 гектар жерді алып жатыр. Қазіргі таңда көрменің іргетасын қалау жұмыстары басталып та кетті. Оларды жыл соңына дейін аяқтау көзделуде», — деді Нұрбек Ергешбаев.
Жоспар бойынша көрмені тамашалауға бүкіл әлемнен 5 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. Сол үшін де Экспо-қалашық аумағында тұрғын үй кешендері және көпфунционалды сауда ойын-сауық кешендері салынады.

Қазақстанда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудегі басты мақсат — бүгінгі таңда энергетика саласындағы бүкіл әлем бойынша ең озық технологияларды және соларға қатысты тың идеяларды халық назарына ұсыну.


Бір айта кететін жәйт, «ЭКСПО-2017»-де халықаралық көрмесінде тек балама қуат көздері ғана қолданылатын болады.

1