Таразда үйінен қашып кеткен қыздың туыстары іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда үйінен қашып кеткен қыздың туыстары іздестірілуде

Таразда үйінен қашып кеткен қыздың туыстары іздестірілуде

Тараздағы уақытша бейімдеу орталығының мамандары 15 жастағы қыздың туыстарын іздестіруде. Аты-жөні мен мекен-жайын дұрыс айта алмағандықтан оның туған-туыстарын табу қиындық тудыруда.

  • 19 Тамыз 2014
  • 252
Фото - Caravan.kz

— Қырғызстанда суық күнде қайыс күртешемен  жүргенде, үйге қанша рет бардым. Кіргізбеді.

— Не үшін кіргізбеді?

— Керек жоқпын.

Түнде саябақта серуендеп жүрген Сезімді осыдан он күн бұрын полицейлер ұстап бейімдеу орталығына жеткізген. Қолында бірде-бір құжаты жоқ қыз өзі жайлы жарытып мәлімет бере алмаған. Неше түрлі өтірік айтып мамандардың басын қатырса керек. Айтуынша, ол Қырғызстанның тумасы, осыдан сегіз ай бұрын Анар есімді маскүнем анасы мен өгей әкесінен қашып Тараздан бір-ақ шығыпты. Содан бері саябақта жүрген көрінеді. Бар-жоғы үш сыныптық білімім бар деген Сезім Сағыналықызы аты-жөнін де дұрыс айтпай отырса керек. Өйткені Қазақстан тұрмақ, Қырғызстанда да мұндай есімді ешкім тіркелмеген. Енді бейімдеу орталығының мамандары оны қайда жіберерін білмей басы қатуда. АлСезімнің психологиялық жағдайы қалыпты екен. 



Жансая Әлімқызы, психолог:

— Егер ата-анасы қайтыс болған жағдайда немесе ата-ана құқығынан айырылған болса балалар үйіне жіберіледі. Бізде Сезім ешқандай категорияға кірмей тұрғандықтан, біз қайда жіберетінімізді , қандай жұмыс атқаратынымыз белгісіз болып тұр.