Шекарадан 250-ден астам бас малды заңсыз өткізбек болғандардың жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарадан 250-ден астам бас малды заңсыз өткізбек болғандардың жолы кесілді

Шекарадан 250-ден астам бас малды заңсыз өткізбек болғандардың жолы кесілді

Жетісай шекара жасағының (Оңтүстік Қазақстан облысы) шекарашылары Қазақстаннан көршілес

  • 19 Тамыз 2014
  • 420
Фото - Caravan.kz

Өзбекстанға 200-дей бас малды заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті. Тексере келгенде инженерлік құрылғылардың бұзылғандығы анықталды.

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Малды айдап өтпекші болғандар оқиға болған жерден қашып құтылды, оларды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, Қарасай шекара жасағына (Алматы облысы) қарасты учаскеде 16 жылқының жайылып жүргендігі анықталды. Тексере келгенде шекара қоршауының бұзылғандығы анықталды. Жылқыларды көрші ел аумағынан бері қарай, жайылым үшін айдап өткендігі белгілі болды.

Осы жасақ шекарашылары қырғыз жеріне 40 бас қойды айдап өтпек болған еліміздің азаматын ұстады.


Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.