Алматыда су добынан әлем чемпионаты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда су добынан әлем чемпионаты басталды

Алматыда су добынан әлем чемпионаты басталды

Алматыда су добынан Әлем Кубогы жалауын көтерді. Еліміздің құрамасынан бөлек байрақты бәсекеге АҚШ, Австралия, Хорватия, Черногория, Венгрия, Сербия және Оңтүстік Африка мемлекетінің үздік спортшылары қатысуда.

  • 20 Тамыз 2014
  • 275
Фото - Caravan.kz

Су добынан әлем кубогы 1979-шы жылдан ұйымдастырылып келеді. Румынияда өткен соңғы турнирда Сербия құрамасы чемпион атанған. Олар финалда хорватиялықтардың алдын ораған болатын. Ал алматыдағы жарыстың бірінші кездесуінде Сербия мен Чернагория құрамалары өзара кім мықтыны анықтады. Бұл кездесуде сербиялық спортшылардың мерейі үстем болды. Есеп 3:9.  Ал Хорватия 5:9 есебімен Венгрияға есе жіберді.        

Сондай-ақ Алматыда Волейболдан Азия Чемпионаты өтуде. Алғашқы жарыс күні Тайланд пен Иран волейболшылары жолыққан болатын.

Тартысқа толы бәсекеде Тайланд волейболшылары 3:2 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін Қытай мын Австралия құрамалары шықты. Аспан асты елінің өкілдері алматыдағы турнирға жас спортшыларды аттандырыпты. Десе де айтарлықтай қателік жібере қоймаған қытайлықтар 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Ал қазақстандық волейболшылар өз жанкүйерлері алдында Үндістан құрамасынан ойсырай жеңілді. Мұндағы есеп 3:0.  

«КТК» арнасында үлкен футбол! Бүгін түнде біздің арна чемпиондар лигасының плей-офф бәсекесін тікелей эфирде көрсетеді. Еуропаның мәртебелі турнирының топтық кезеңіне шығу үшін командаларға тек бір асу қалды.

Бүгін түнде бес матч ойналады. Солардың ішінде ең тартысты бәсеке италиялық «Наполи» мен испандық «Атлетик» арасында өрбімек.

Қос команда да алдағы матчқа тас түйін дайын. Бірінші матч италияда өтетіндіктен бүгінгі кездесуде «Наполи» фаворит. Десе де испандықтар да осал қарсылас емес. «Наполи» мен «Атлетик» арасындағы матч Астана уақытымен түңгі сағат 12:30 да тікелей эфирде көрсетіледі. Ал бұл бәсекеден кейін Түркиялық «Бешікташ» пен лондондық «Арсенал» арасындағы кездесуді жіберіп алмаңыздар.