Мұнайға бай Батыста әлі бензин тапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнайға бай Батыста әлі бензин тапшы

Мұнайға бай Батыста әлі бензин тапшы

Қойнауы қара алтынға толған еліміздің батыс өңірі әлі де жанармайдан тарығып отыр. Үлкен бекеттердің өзінде қазір сұйық отын сатуға шектеу қойылған. Жүргізушілерге оны тек талонмен ғана үлестіріп жатыр. Оралда АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығынан ауыл арасына қатынау қиындаса, Атырауда бекетке кезекке тұрушылар көбейген. Ал Ақтауда ең арзан саналатын көгілдір отынға сұраныс артып, құны да шарықтап кетіпті.

  • 20 Тамыз 2014
  • 268
Фото - Caravan.kz

Шахар Қуаныш, Ақтау қаласының тұрғыны:

— Үш күн болды газ да жоқ. Күнде тұрамыз жақындағанда талон дейді. Сағат оннан бастап тұрмыз.

Ақтаудағы газ жалғыз орталықтан ғана сатылуда. Оның өзінде тек талонмен береді. Қазір мұндағы кезек бірнеше шақырымға жеткен. Ал газ сататын өзге орталықтар болса бағаны екі есеге арттырып жіберіпті. Онымен қоса Аи-95 маркалы бензин мүлдем сатылмайды. Ал ақтөбелік шенеуніктер өңірдегі АИ-92-ге тапшылық уақытша деп отыр. Себебі жанармай тасымалдауға құзырлы орындардан рұқсат алған 12 компанияның әзірге үшеуі ғана келісім-шарт жасасыпты. Сондықтан олар тиісті мөлшерде жеткізіп үлгермей жатыр.

Асқар Көкеев, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:   

— Жұрт даурығып жатыр. Бірақ талонсыз сатқызуға барымызды саламыз.