Күннің ыстығынан Ақтөбеде өрт көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күннің ыстығынан Ақтөбеде өрт көбейді

Күннің ыстығынан Ақтөбеде өрт көбейді

Ақтөбенің орталығында жүк қоймасы жанып кетті. Ғимараттың іргесіне жиналған резеңке дөңгелектер күннің ыстығынан аяқ асты жана бастаған. 

  • 20 Тамыз 2014
  • 404
Фото - Caravan.kz


Қою қара түтін қаланың үстін басып қалды. Мұны көрген жұрт алғашқыда не болғанын түсіне алмады. Қызыл жалынды ауыздықтауға дереу сол маңдағы өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері келіп жеткен. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Жалпы, бұл өңірде аптап ыстықтан өрт көбейді. Қазір сынап бағанасы қырық градустан асып кетті. Өрт сөндірушілер мұндай күндері тіпті шағылысқан әйнек сәулесінен де от шығатынын айтады.