Жанармай тапшылығы қоғамдық көлік қызметіне кедергі келтіріп отыр - Ақтау - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанармай тапшылығы қоғамдық көлік қызметіне кедергі келтіріп отыр - Ақтау

Жанармай тапшылығы қоғамдық көлік қызметіне кедергі келтіріп отыр - Ақтау

Ақтау қаласында №2,3,4,5,7-ші маршрут бойынша қоғамдық көлік қызметін ұйымдастырып отырған бір

  • 20 Тамыз 2014
  • 355
Фото - Caravan.kz


топ кәсіпкерлер қалалық әкімдіктен көмек сұрады. Олардың айтуынша, соңғы уақытта аймақта сығылған газдың қымбаттауы және жанар-жағармай тапшылығы кесірінен қалада дұрыс қызмет көрсету мүмкін болмай отыр. Кәсіпкерлер жанар-жағармай нарығын тәртіпке келтіруді сұрады. Олардың шағымдарына Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрсұлтанов жауап берді.
Оның айтуынша, бұл салада қиындықтар бар. Бұрын сығылған газ 30-35 теңге болса, қазір ол 50-60 теңгеден сатылып отыр.

«Біз жанар-жағармай құю стансалары басшыларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Нәтижесі де жоқ емес. Олардың кейбірі газды 45 теңгден сатуға келісіп отыр. Жеңілдік жасауға келіскен стансалар тізімі дайындалып, алдағы уақытта ұсынылады», — деді ол.