Қай жерде тұрып жатқан балалар аллергиядан көбірек зардап шегеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қай жерде тұрып жатқан балалар аллергиядан көбірек зардап шегеді?

Қай жерде тұрып жатқан балалар аллергиядан көбірек зардап шегеді?

Қалада тұратын балаларда қаладан жырақ елді мекендейтіндерге қарағанда сүт, жұмыртқа, жаңғақ өнімдеріне аллергия көп кездеседі екен.

  • 20 Тамыз 2014
  • 486
Фото - Caravan.kz


Джонс Хопкинс университетінің мамандарының есебінше, қаладағы әрбір оныншы бала тағамға аллергиядан зардап шегеді.

Халқы көп аудандарда өскен балалардың өзгелерге қарағанда жаңғақ пен басқа да тағам түрлерінен ағзалары екі есе көп тітіркенетіні дәлелденген, деп хабарлайды Meddaily. Бұл әсіресе, иммунитеті әлсіз балаларға қатысты.

Ғалымдар 516 баланың алғашқы бес жылдық өмірін зерделеді. Мамандар Балтимор, Бостон, Нью-Йорк, Сент-Луисте тұрған балаларға тән аллергендерді, ас үлесі мен денсаулық жағдайын бағалаған. Осылайша, балалардың 10%-ға жуығында сүт, жұмыртқа немесе жаңғаққа аллергиясы бар екен, ал 55%-ында аталған тағамдарға шамадан тыс сезімталдылық болғаны анықталды.