Эбола безгегін жұқтырған науқас сынақ вакцинаның арқасында жағдайы оңала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эбола безгегін жұқтырған науқас сынақ вакцинаның арқасында жағдайы оңала бастады

Эбола безгегін жұқтырған науқас сынақ вакцинаның арқасында жағдайы оңала бастады

Либерияда Эбола жұқтырған үш медициналық қызметкер сынақ вакцина еккеннен кейін өздерін біршама жақсы сезіне бастаған.

  • 20 Тамыз 2014
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Либерия ақпарат миистрлігінің кешегі мәлімдемесінде айтылған.

АҚШ-тың вирус жұқтырған екі азаматына да дәрі оң әсер берген. Ал Эбола жұқтырған испандық вакцина еккенге қарамастан көз жұмған.

Қазіргі кезде Эболаға қарсы әмбебап вакцина жоқ. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нақты жағдайда сынақ дәріні қолдануды мақұлдады.

Соңғы мәліметке сәйкес, Эболадан 1229 адам қайтыс болған, ал вирус жұқтырғандар саны — 2240.

Сондай-ақ, белгілі болғандай Австрияның Феклабрук қаласындағы ауруханаға Эбола безгегін жұқтырған деген күдікпен екі ер кісі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы кеше журналистерге Жоғарғы Австрия федералдық жер үкіметінің басшысы Йозеф Пюрингер мәлімдеді.

Оның айтуынша, науқастар өткен сәрсенбі күні Австрияға Нигериядан келген. Олардан дене қызуы көтеріліп, Эбола белгілері байқалған.


Соңғы мәлімет бойынша, Эбола вирусынан 1229 адам қайтыс болған, ауру жұқтырғандар саны – 2240 адам. Індет Сьерра-Леон, Либерия, Гвинея, Нигерияда таралған.