Шымкентте полицияның үш қызметкері отырған көлік қоршауға кіріп кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте полицияның үш қызметкері отырған көлік қоршауға кіріп кеткен

Шымкентте полицияның үш қызметкері отырған көлік қоршауға кіріп кеткен

Шымкентте полицияның үш қызметкері жол апатынан зардап шекті.

  • 20 Тамыз 2014
  • 363
Фото - Caravan.kz

Жол-патруль көлігі үлкен жылдамдықпен қаладан шыға беріс жерде қоршауға кіріп кеткен, деп хабарлады сәрсенбіде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Олар әр түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізіліпті.

"Екеуі ауруханадан шығарылды, үшіншісі әлі ем алуда, жағдайы тұрақты", деді баспасөз қызметінен.