Луганскінің жарық пен сусыз, байланыссыз қалғанына 18 күн болды, қалада шайқастар жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Луганскінің жарық пен сусыз, байланыссыз қалғанына 18 күн болды, қалада шайқастар жалғасуда

Луганскінің жарық пен сусыз, байланыссыз қалғанына 18 күн болды, қалада шайқастар жалғасуда

Луганскідегі жағдай әлі қиын болып отыр, 20-тамызға қараған түні облыстық орталықта қарулы қақтығыстар болды,

  • 20 Тамыз 2014
  • 481
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Луганск қалалық кеңесінің баспасөз қызметінен.

"18 күн бойы адамдар жарықсыз, сусыз, байланыссыз отыр, ұрыстар тоқтамай отырғандықтан энергияның берілуін қалпына келтіруге мүмкіндік болмай отыр", делінген сәрсенбіде жария етілген хабарламада.

Қалада ең керек деген азық-түлік пен нан сатылады, алайда дәрі мен отын қалаға көптен бері жеткізілмей отыр. Бірнеше ай бойына жалақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер төленбеді.