Ауыр дертке шалдыққан 3 жасар Қарақатқа шұғыл қаржылай көмек қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыр дертке шалдыққан 3 жасар  Қарақатқа  шұғыл қаржылай көмек қажет

Ауыр дертке шалдыққан 3 жасар Қарақатқа шұғыл қаржылай көмек қажет

Ауыр дертке шалдыққан оңтүстікқазақстандық 3 жасар қызға жедел көмек қажет. Сарыағаш қаласында тұратын Қарақат Әбдіхан ДЦП, бас ісігі секілді бірнеше ауыр дертпен туылған. Содан бері ата-анасының қызды көрсетпеген жері жоқ. Шымкентті былай қойып, Алматы мен Астана тіпті Ташкентке дейін барып қайтыпты. Дәрігерлер қызды дертінен жазу тым қиын дейді. Ол үшін жүйелі түрде емдеу қажет екен. Ал оған 4 баланы бағып отырған отбасының жағдайы жоқ. Енді ол жомарт жандардан ғана көмек күтіп отыр. 

  • 21 Тамыз 2014
  • 456
Фото - Caravan.kz

Баян Байташеваның 4 баласымен отыратын күндері сирек. Ауыр дертке шалдыққан кенже қызы Қарақатты алып, апталап-айлап аурухана жағалайды. Қарақаттың тумысынан басында ісігі бар екен. ДЦП ауруына шалдыққан бүлдіршіннің көзі де көрмейді. Дегенмен, оның аяқтан тұрып кетуіне мүмкіндік бар. Ол үшін қандағы инфекцияны тазалау керек.

Баян Байташева,  Қарақат Әбдіханның анасы:

— Сол инфекцияны жақсылап емдесеңдер, мына қыз аяққа тұрады деп жатыр. Көзі ше десем, көзбен бас бір мүше деді. Егерде, басты жақсылап емдесеңдер, көзі көруі мүмкін деп жатыр. Ал біз қазір ешқандай дәрі ішіп жатқан жоқпыз. Тек қана логопедпен, ЛФК жасап жатырмыз.

Баян ауру қызын арқалап ауруханаға кеткен кезде, ересегі 8-ге енді толған үш бала үйде өздері қалады. Отағасы Қадырбай болса күндіз-түні құрылыста жалданып жұмыс істейді. Қарақаттың мүгедектігі үшін алатын 40 мың теңгесі бүлдіршіннің ем-домы мен жол жүруіне кетеді. Ал әкелерінің 30 мың теңгелік айлығы онсыз да пәтер жалдап тұрып жатқан отбасының нан-шәйінен артылмайды.

Қарақат емделу үшін берілетін квота кезегінде тұр. Шиеттей бала-шағаны бағып отырған отбасы пәтер кезегінде де тұр. Тек, квотаныңда пәтердің қашан бұйырары белгісіз. Енді Баян ақша болса жұрттың ауызының суы құрып сөз қылатын шетелдің мақтаулы медиктеріне көрсетер едім дейді. Ол қызының қаз-қаз басып жүргенін қалайды. 


Баян Байташева,  Қарақат Әбдіханның анасы:

— Өзінің қатарымен бірге жүрсе, көзі көріп, аяққа тұрса. Сосын баспанамыз болса сол. 

Отбасының байланыс телефоны: +7 778 878 91 76